Іздеу

Қош келдіңіздер!

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫ
ресми сайтына қош келдіңіздер

www.akorda.kz www.government.kz www.parlam.kz

Құрметті кәсіпкерлер!

Алматы облысы прокуратурасында кәсіпкерлердің құқығын қорғау тобы жұмыс істейді.
Тексеруші органдар тарапынан құқық бұзушылық орын алған жағдайда төмендегі сенім телефондарына немесе электрондық мекен-жайға хабарлауларыңызды сұраймыз: : т. 8(7282) 27-33-15, 27-38-10, 27-18-51 және 87015552597, 87017573672, «www.pravstat.kz», «alm-otd-kanc@prokuror.kz», http:blog.alm.prokuror.kz».

Қаржы басқармасындағы бос әкімшілік лауазымдарға конкурс өткізу туралы

Автор: Admin 13.02.2012, Просмотрено: 13, Категория: Нет категории, Комментарии: 0
Қаржы басқармасының сайтында жарияланған бала күтіміне байланысты демалыста болған уақытша бос әкімшілік лауазымдарға конкурс бойынша 23 үміткер құжат өткізіп, тестілеуден 14 үміткер сәтті өтті де, конкурстың келесі сатысы әңгімелесуге жіберілген болатын.

Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы халыққа жолдауы бойынша

Автор: Admin 02.02.2012, Просмотрено: 182, Категория: Нет категории, Комментарии: 0
Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Қаржы басқармасының қызметкерлері Қазақстан Респуликасы Президенті Н.Назарбааевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауын тыңдады.
Жолдау аяқталған соң Басқарма бастығы С. Қасымов Жолдауда барлық мемлекеттік органдарға байланысты, оның ішінде еліміздің барлық азаматтарын қамтитын көптеген мәселелердің көтерілуіне қатысты Жолдауды қолдап, өз ойын ортаға салды.

Тәуелсіздіктің жиырма шыңы

Автор: Admin 12.12.2011, Просмотрено: 88, Категория: Мероприятия, Комментарии: 0
«Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» 20 жұлдызды күні аясында өткізілген «Алтын теңге» күні туралы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай Тәуелсіздіктің жиырма шыңының 20 жұлдызды күні аясында 2011 жылғы 7 желтоқсанда облыс көлемінде «Алтын теңге» күніне орайластырылып, Тәуелсіздік жылдары еліміздің қаржы жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан облыстық қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының, салық, қазынашылық пен мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттерінің, сонымен қатар қаржылық бақылау инспекциясының қызметкерлеріне құрмет көрсету бойынша арнайы іс-шаралар өткізілді.
Осы іс-шараға сәйкес салтанатты жиында Облыс әкімі А.Т. Мұсаханов ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында көп жылдар бойы еңбек етіп, облыстың қаржы саласының дамуына өзіндік үлестерін қосқан 11 ардагерге шынайы лебізін білдіріп шапан жауып құттықтап, арнайы белгіленген ақшалай сыйлықтар тапсырды. Сонымен қатар қаржы саласының қызметкерлеріне құрмет грамоталары мен алғыс хаттар тапсырды және 56 қызметкерге ақшалай сыйлық табыс етті.
Сондай-ақ, жиында қаржы саласының үздік қызметкерлеріне Қаржы министрінің «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі, грамоталары мен алғыс хаттары тапсырылды.
Ардагерлердің атынан қаржы саласының ардагерлері Ілімжанов Әбдіманан Махметұлы мен Самалбаева Ғалия Өнербайқызы сөз сөйлеп, облыс әкімі А.Т. Мұсахановқа алғыстарын білдірді.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл

Автор: Admin 02.12.2011, Просмотрено: 205, Категория: Нет категории, Комментарии: 0
2011 жылдың 30 қарашасында І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты жиында Облыс әкімі А. Мұсаханов облыстың қызметкерлерін құттықтап, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалін тапсырды. Соның ішінде аталған медальмен облыстық қаржы басқармасының бастығы С. Қасымов пен қаржы басқармасының 2 қызметкері марапатталды.

ҚСХҚЕС-ке көшуге байланысты мемлекеттік мекемелердің есепшілеріне семинар

Автор: Admin 19.09.2011, Просмотрено: 101, Категория: Нет категории, Комментарии: 0
Алматы облысының қаржы басқармасы «Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» АҚ-мен бірігіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 544 «Нәтижеге бағдарланған бюджетті енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2009 жыл 24 шілдедегі № 318 бұйрығына сәйкес 2011 жылдың 8 тамызынан бастап облыс көлемінде ҚСХҚЕС-ке көшуге байланысты мемлекеттік мекемелердің есепшілеріне семинарлар өткізуді ұйымдастырып отыр. Биылғы жылға облыс бойынша мемлекеттік мекемелерден 430-дан астам оқуға тілек білдіруші тапсырыс түсті, оның 103 есепшісі сертификатқа ие болды, 48 есепші оқып жатыр.
«КӘУСАР» БАЛАБАҚШАСЫ АШЫЛДЫ
Матай кентіндегі «Кәусар» балабақшасының екінші бөлігі ашылды. Бұл жұмысқа аудандық бюджеттен 83 млн. теңге бөлініп, күрделі жөндеу жүргізілген еді. Аталған шаруаны Дүйсенғали Арыстанбеков басқаратын «Фламинго – 9» құрылыс фирмасы қолға алып, ел игілігіне ұсынды.

КЕНШІЛЕР ҚАЛАСЫНЫҢ КЕЛЕШЕГІ
«Қазмырыш» АҚ жұмысын саябырсытқан, сонан соң мүлде тоқтатқаннан кейін Текелі қаласының тағдыры қыл үстінде тұрғандай болған жылдар бүгінде артта қалды. Елбасының биылғы Жолдауында айтылған бір салалы шағын қалаларды дамыту мәселесіне кеншілер қаласында осыдан бірнеше жыл бұрын назар аударылып, жұмыссыз қалған кеншілерді еңбекпен қамтудың баламалы жолдары қарастырылып, жаңа өндіріс ошақтары құрылып, ауыл шаруашылығы саласына көңіл бөлу барынша өзектендірілген еді. Қаланың жаңа тағайындалған әкімі Қанабек Айтжанов өзінің басқарғанына бір айдан енді ғана асқан шаһардың өткен жылғы азды-көпті жетістіктері туралы ғана жоғарыда айтылғандарға баса назар аударып, алдағы міндеттерді де саралай кетті.

Көшпелі жәрмеңке
«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының еншілес кәсіпорны «Жетісу Агро Сауда» ЖШС облыстағы негізгі азық-түлік түрлерінің бағасын тұрақтандыру жөнінде айтарлықтай жұмыстар атқаруда. Осы мақсаттағы шараларды жүзеге асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға республикалық және облыстық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінген еді.

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ– ОРТАҚ МІНДЕТ
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталовтың төрағалығымен Талдықорғанда облыстық жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету комиссиясының кезекті отырысы өтті.

КӨШ БАСТАДЫ
«Қазақтелеком» АҚ облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры Жексембай Мейрамбаевтың төрағалығымен аталған сала қызметкерлерінің өткен жылды қорытындылаған жиыны болып өтті.

Жаңа басшы тағайындалды
Сенбі күні облыстық әкімдікте облыстық актив болып өтті. Жиынды жүргізген облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов алғашқы сөзді Алматы облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Әлихан Байменовке берді.

БАЛЫҚ АУЛАУДАН БАҚ СЫНАСТЫ
Қапшағай су қоймасында балық аулаудан қысқы 9-шы әлем чемпионаты өтті. Бұған дейін мұндай жарыстар тек Еуропа мен Америкада ғана жалауын көтерген екен. Бұл жолы Қапшағай су қоймасына әлемнің 11 елінен сайыпқыран командалар жиналды. Олардың қатарында ТМД аймағымен қатар Швеция, Финляндия, Польша, Америка сияқты мемлекеттер де бар.

АРДАГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Кеңес Одағы әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл 23 жыл толып отыр. Соған орай, Талдықорған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен облыс орталығында үлкен шара болып өтті.

ЫНТЫМАҚТЫ ЕЛГЕ ЫРЫС ҚОНАДЫ
Балқаш ауданының әкімі Айтбай Көшкімбаев ел алдындағы есепті жиынын Ақжар ауылынан бастады.

120 БАЛАҒА АРНАЛҒАН БАЛАБАҚША
«Балапан» бағдарламасы бойынша Текелі қаласында жаңа балабақша ашылды.

Мемлекеттік рәміздері

ҚР Мемлекеттік рәміздері

Президенттің жолдауы

ҚР Президенттің жолдауы

Басшылық блогы

Басқарма басшысының блогы

Баннерлер

visitkazakhstan.kz

egov.kz
Copyright ©2007-2012 by Kasseler CMS. All rights reserved.
XHTML Validation   CSS Validation